Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылың келді, Зеңгі баба!

Жылың келді, Зеңгі баба!


Дала төсін дауылдатып,
Келе жатыр арындатып.
Сиыр пірі - Зеңгі баба,
Төрге шықты үнін қатып.

Бұзау - баспақ, тана-торпақ,
Зеңгі баба, атына ортақ.
Еліме бер, есен-саулық,
Ырыс – құтты, береке - бақ.

Жылдың жүзі жылы - жарқын,
Қолды сал да, іске талпын.
Еңбек ет те, елен, ерлер,
Асырап бар елдің халқын.

Мінезге бай маңғаз малым,
Өре келсін, қаптап табын.
Иіскеп бар мейіріңмен,
Бере берші төлге қарқын.

Жерге жұмақ төрді сыйла,
Ыдысыма ақты құй да.
Ысыраптың ісін бітір,
Ынсапсызды жыйып - тый да.

Бойға сыйлап күш-қуатты,
Жылым кел де, сал шуақты.
Ауырлықты, ауыр етіп,
Салма елге сан сынақты.

Жылым, жылым жырла жырды.
Төгіп, төгіп ал да сырды.
Шындық, шындық шырай берші,
Қақ жарып бір қара қылды.

Еңбек дәмін сездіретін,
Осы кезге өзім кепіл.
Адалдықты ту етейік,
Арадағы алтын көпір.

Сыйластықпен ұйып келген,
Туыс - бауыр бірге құла.
Екінші боп жылды көрген,
Жылың келді, Зеңгі баба!

Шолпан БАЛМАНОВА
Нұр – Сұлтан қаласы
15 наурыз 2021 ж. 726 0