Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың Жаңа жыл мерекесіне арнаған құттықтауы

Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың Жаңа жыл мерекесіне арнаған құттықтауы

Құрметті ағайын! Қадірлі жерлестер!
Тарих қойнауына кетер тағы бір жылды қорытындылағалы тұрмыз. Санаулы күндерден соң жыл алмасып, цифр жаңарады. Десе де айта салу оңай көрінгенімен, әр жылдың салмағы өзінше сезілді. Жылдан жылдың жаманы жоқ дегенмен, биылғы жылдың елімізге оңайға соқпағанын жақсы білесіздер. Әлем елдерін әбігерге салып, қаншама саланы тұралатқан коронави­рус індетінің ауыртпалығы қатты сезілді. Онымен күресте көптеген мүмкіндіктер пайдаланылып, қарусыз майданда алдыңғы шепте жүретін дәрігерлер мен полицейлерге көп жауапкершілік жүктелді. Әрине мұндай соққыны күтпеген еліміздің бұл сындарлы сәттен сабақ алғаны түсінікті.
Қиын кезеңнен өттік деп арқаны кеңге салуға да бол­майды. Себебі індет екпіні қайтқанмен, әлі күнге белгілері байқалып, науқастар саны артып отыр. Міне, көне жылдың осындай қиындығына қарамастан, өзіміздің алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асыра білдік. Айталық, ауданға жыл басынан бері 13,1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Аудан бюджетінің нақтыланған жал­пы түсімдері 23,2 млрд теңгені құраса, төртінші деңгейлі бюджеттің енуіне байланысты 24 дербес бюджеті бар қала, кент және ауылдық округтердің бюджеті 2,8 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 14,4 млрд теңгеден артық өнім өндіріп, салыстырмалы көлем индексі 110,6 пайызды көрсетуде.
Бұдан басқа жарқын жобалар, баянды бастама­лар жүзеге асып жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Биылғы жылдың басты жаңалығы, аудандық қушылар үйін пайдалануға беріп, бірнеше ауылды ауызсумен қамтыдық. Сонымен қатар Жақсықылыш кентіне көгілдір отын көзі тартылып, қалаішілік көшелердің дені асфальт­талды. 40 пәтерлі тұрғын үйлер салынып, олар да өз иелерін күтуде. Заңдылыққа сәйкес бұл үйлер де тиісті тұлғаларға табысталатын болады. Сондай­ақ мемлекеттік бағдарлама негізінде көптеген саланың тамырына қайта қан жүгіріп, ел экономикасының қарқыны арта түсті.
Міне, жыл бедерінде қолға алынған осы сынды ауқымды жұмыстардың артында сіз бен біздің еңбегіміз бен ортақ мүдде жолындағы ауызбіршілігіміз тұр. Иә, «өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген халқымыздың расында сиыр жылынан жақсы жаңалық күтетіні түсінікті. Бастысы, елді жайлаған аты жаман аурудан толық құтылып, баяғы күнімізге қайта оралсақ деген арман мен мақсат әрбіріміздің санамыз­а тұрған болар.
Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Келе жатқан Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бақ пен береке, ырыс-­несібесін ала келсін! Қазақ Зеңгі баба тұқымы деп атау берген сиыр жылы өрлеуге жол ашатын, қиындықтарды еңсеретін, жаңашылдыққа ұмтылдыратын жайлы жыл болсын! Жылдан жылға жақсы жаңалықтармен жете берейік!
Баршаңыздың отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, кәсіптеріңізге береке тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев
31 желтоқсан 2020 ж. 792 0