Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – қала көркі, адам жанының айнасы

Тазалық – қала көркі, адам жанының айнасы

Жаймашуақ көктем мезгілінде табиғат-ана түрленіп, жаңаша кейіпке енеді. Халқымыз ежелден көктем басталысымен айналаны тазалау, тал егу, бұлақ көзін ашу сынды әрекеттерді әдетке айналдырған. «Тазалық – денсаулық кепілі», «тазалық жоқ жерде құт-береке болмайды» деген сынды тіркестер де бекер айтылмаған.Әрбір саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. Соңғы кезде қаламыз көркейіп келеді. Біз қоршаған ортаны ластауға, зиян келтіруге жол бермеуіміз керек. Адамзат баласы барлық сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әсемдікті табиғаттан үйренеді. Сондықтан да табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауымыз керек.
Қазіргі таңда шірімейтін тұрмыстық қалдықтар, еш бұзылмайтын пластикалық бөтелке, полиэтилен қалталардың залалы климатты өзгертуге дейін ықпал етіп отыр.
Әрбір адам өзі жүрген жеріне көңіл бөліп, тазалық сақтап жүрсе, біздің денсаулығымызға да жақсы әсері болады.
Ағымдағы жылдың 21 наурызында аудан көлемінде тазалық акциясы ұйымдастырылады. Барлық аудан тұрғындарын, көше комитеттерін тұрғылықты үйіміз бен көшенің төңірегін тазартып, көркейту абаттандыру жұмыстарына біркісідей атсалысуға шақырамын!
Аманжол ЖОЛМАҒАМБЕТОВ,
Арал қалалық көше комитеттерінің төрағасы
21 наурыз 2021 ж. 2 076 0