Азаматтық іс медиациялық келісімге келумен аяқталды
Арал аудандық сотында судья С.Бертайдың төрағалық етуімен қаралған талап қоюшы Б-ның жауапкер К-дан жол-көлік оқиғасынан денсаулығына келтірілген зардаптарды қалпына келтіруге жұмсалған материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілуі нәтижесінде, тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыздар мен медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштер түскен.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға жол-көлік оқиғасынан денсаулығына келген зардаптарды қалпына келтіруге жұмсалған материалдық шығынды толығымен қайтарып берген, ал талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі