Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дау медиациялық келісімге келумен аяқталды

Дау медиациялық келісімге келумен аяқталды

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ш-ның жауапкер К. мен Ю-дан дүние мүліктерін алып беру туралы азаматтық ісі қаралды.
Істі сот талқылауына дайындық барысындағы алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық етуші судья С.Бертай тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтарын түсіндірген.
Осыдан кейін сотқа тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштер түскен.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкерлер талап қоюшыға оның дүние мүліктерін қайтарып беруге міндеттенген, ал талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісім сот ұйғарымымен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж алымы қайтарылған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
24 шілде 2020 ж. 480 0