Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталды
Бүгін тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұжымымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтті.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев , облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шаймбетов Жангельды Мырзагельдиевич және «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов қатысты.
Шара соңында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, сауалдарға жауап берілді.
syrboyi.kz