Қазалыда той жасағандар жазаланды

Жақында мониторингтік топ мүшелері жүргізген рейд барысында карантин режимін бұзу фактісі анықталды. Атап айтар болсақ, Әйтеке би кентінде 2 тұрғын өз ауласында той жасап, көпшіліктің жиналуына себепші болған. Осыған орай Т.Бөріқұлақов пен Ә.Тыныбаев көшелерінде той жасаған тұрғындарға заңдылыққа сәйкес айыппұлдар салынды.
Айта кетейік, дәл осындай тексеру шаралары ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін күн сайын жалғасады.
Қазалы ауданының баспасөз қызметі
syrboyi.kz