Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жүргізді

Жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жүргізді

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев ЗК-196/4 мекемесінің жеке құрамымен кездесті.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын құру мәселелері талқыланды. Мұндағы басты мақсат – қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, әкімшілік кедергілерден қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Басқосуда ЗК-196/4 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қанат Дайрабаев қызмет барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлық саяси және қоғамдық институттардың дамуына кері әсерін тигізіп, еліміздің дамуына қауіп төндіріп тұрғандығын атап өтіп, қай бір сала болмасын ең алдымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап оларды жою және алдын алу жұмыстарын үздіксіз жүргізуіміз қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, қазір елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірнеше ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Олар парақорлық пен осы сипаттағы заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, әшкерелеуге мүмкіндік береді.

Жалпы кездесу барысында Кеңес төрағасы қатысушыларды сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден пайда болатындығын, оған жол бермеудің қарапайым әдістері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір қызметкер жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес екенін айтты.

kyzylorda-news.kz
21 сәуір 2021 ж. 339 0