Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ҚАЖ қызметкері ұрыны ұзатпай ұстады

Қызылордада ҚАЖ қызметкері ұрыны ұзатпай ұстады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы, әділет майоры Серік Мақсұтов пәтер ұрлығын жасаған азаматты ұстап, қылмыстың ізін суытпай ашты. Қылмыс Қызылорда қаласы С.Жүнісов көшесіндегі жер үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұры үй иелерінің жұмыста екендігін пайдаланып, күндізгі сағат 10 шамасында терезе арқылы ұрлыққа түскен. Осыдан сәл кейін сол маңнан өтіп бара жатқан әділет майоры іс-әрекеті күдік тудырған азаматты байқап, оны әңгімеге тартады. Жаңа танысының сөмкедегі заттарын сатып алушыны іздеп жүргені күдігін ұлғайтқан ол дереу 102 нөміріне хабар беріп, жол патрулдік полиция қызметкерлері мен жедел тобы қызметкерлері келіп жетеді. Қызметкерлер бұл заттардың ұрланған заттар екендігін дереу анықтайды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
13 мамыр 2021 ж. 363 0