Жаңашыл ұстаз

– Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде бұрмаланған тұстарына баға беретін бүгінгі жас ұрпақ. Шүкір, оқушыларым аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен шығармашылық жобалар байқауында жүлделі орындарды иеленіп келеді. Атап айтсам, Тоғжан Бүркітбаева, Жансая Дарханбекқызы, Нұрлыайым Үргенішбаева, Шолпан Нағымет, Құндызай Жасұланқызы сынды басқа да оқушыларыммен мақтанамын. Бұл оқушылардың Абай атамыз айтқандай, білсем, көрсем деп айналадағы жақсы нәрселерге қызығушылығы, талпынысы қуантады. Бұл балалар ертеңгі еліміздің келешегін жасайтын, алдыңғы толқынның ісін жалғастыратын бір-бір тұлғалар. Сондықтан шәкірттердің білім сапасына мән беріп, болашағына деген сенімдерін нығайту – біздің, ұстаздардың міндеті,– дейді Г.Кариева.
Ұстаздар шығармашыл, ізденімпаз, шәкірттерге деген ілтипаты мен берері мол болса, бұл оқушылардың бақыты. Білім саласында айтарлықтай жетістікке жетуіне ең алдымен мамандыққа деген сүйіспеншілігі, адалдығы себепші болса керек.
Аудан, ұжым мерейін асқақтатқан, қызметінде абыройлы ұстаз, отбасында «Күміс алқалы» ана Гүлбану Кариеваның білім жолында алар асуы әлі алда. Алдағы уақытта да білімді де білікті ұстаздың тек биіктерден көрінуіне тілеулеспіз.
К. МАХСҰТ