Қызылордада қазақ әдебиеті пәнінің үздігі анықталды

Төрт кезеңді қамтыған байқау нәтижесінде І орынды Жалағаш ауданындағы №38 орта мектеп мұғалімі Ардақ Бақытова иеленді. Одан кейінгі орындарды Сырдария ауданындағы №36 мектеп-лицейден Әйгерім Сәбитқызы мен Аралдағы №262 мектеп-гимназиядан Салтанат Өксікбаева бөлісті.
Үздіктерге облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің арнайы дипломдары, кәсіподақ комитетінің сыйлықтары табысталды.
syrboyi.kz