Жақсықылыш кентінде оқу-жаттығу жиыны өтті

Үстіміздегі жылдың 13 мамыр күні Арал ауданы, Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» АҚ-ның ғимаратында «Аралтұз-Антитеррор-2021» оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу кезінде мұндағы қызметкерлер қауіпсіз жерге көшіріліп, жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ іс-шара барысында аудандық терроризмге қарсы күрес жедел штабының жұмысы мен жұмылдырылатын арнайы күш-құралдардың дайындығы және өзара іс-қимыл жоспары тексерілді.
Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб пен оның құрамындағы жедел топтардың қатысуымен жиын өткізіліп, террористік қауіп-қатерлерді жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесін әзірлеу пысықталды.


(Өз тілшімізден)