Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 400 өтініш келіп түсті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 400 өтініш келіп түсті

МҚІА келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден негізсіз бас тартуына негізделген. 

Жыл басынан бері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне 400 өтініш келіп түсті.
Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдардың негізсіз бас тартуларына, қызмет берушілердің заңсыз іс-әрекеттеріне және оларды сапасыз көрсетулеріне қатысты түседі.
Жер қатынастары, сәулет-қала құрылысы қызметі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары мемлекеттік қызметті алу кезінде азаматтар заңсыз әрекетермен кезігетін және сәйкесінше мемлекеттік органның әрекетін шағымдану мақсатында жүгінетін салалар болып табылатынын ескеру қажет.
Орталық мемлекеттік органдар арасында қызмет алушылармен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, оның ішінде «Азаматарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ және әділет министрліктері қызметкерлерінің іс-әрекеттері көп шағымданады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі
19 мамыр 2021 ж. 351 0