Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі жандар вакцинаны үйде ала алады

Мүмкіндігі шектеулі жандар вакцинаны үйде ала алады

Енді мүмкіндігі шектеулі жандар вакцинаны үйде ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға Ресейлік Sputnik V ұсынылмайды. Себебі бұл вакцинаның бір бөтелкесі бес адамға арналған. Оларға тек отандық QazVac немесе Hayat-Vax екпесі салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандар тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге хабарласып, телефон арқылы өтініш қалдырады.
kyzylorda-news.kz

21 мамыр 2021 ж. 272 0