Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-шығыста, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
kyzylorda-news.kz