ВАК отырысында халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселелері талқыланды

Алайда, М.Шорановтың айтуынша, медициналық көмекке қолжетімділігі шектеулі МӘМС жүйесімен қамтылмаған тағы 3,2 млн. қазақстандық қалып отыр, олардың 1,7 млн. адамы жарналарды тұрақты негізде төлемейді, 1,5 млн адам бірде-бір төлем жасаған жоқ.
«2021 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушылар саны (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының «Saqtandyrý» АЖ деректері бойынша) 15,8 млн адамды немесе ҚР халқының жалпы санының 83%-ын құрайды», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
Оның айтуынша, сақтандырылған халықтың төмен көрсеткіші Қостанай (77%), Алматы (78%), Түркістан (78%), Жамбыл (80%), Қызылорда (80%), Шығыс Қазақстан (81%) облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында (81%-дан) байқалады.
Халықтың сақтандырылуының ең жоғары көрсеткіштері Атырау (86%), Маңғыстау (86%), Ақмола (85%), Батыс Қазақстан (84%) және Павлодар (84%) облыстарында.
2020 жылы қордың жинақталған активтері есебінен пандемия және шектеу шаралары кезеңінде табыссыз қалған азаматтарға (Үкімет актілеріне сәйкес), сондай-ақ БЖТ төлеушілерге жеңілдік нормасы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетілгенін атап өту қажет.
Осылайша, 2020 жылы МӘМС жүйесіне бұрын қатыспаған 1,7 млн адам БЖТ-ны жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге төледі. Оның ішінде 84 мың адам стационарларда 11 млрд теңгеге ем алды. Осылайша, қордан БЖТ төлеушілерге түскеннен 6 есе көп қаражат жұмсалды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 2 млн 78 мың адамды құрайды. МӘМС жүйесінде орта есеппен 1 млн 48 мың адам есептелетінін ескере отырып, 1 млн 30 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар сәйкестендірілмеген болып қала береді.