Коронавирус суда жұға ма? – маман жауабы

"Коронавирустың су арқылы жұғуы мүмкін емес. COVID-19 су арқылы берілмейді, бірақ сол су айдындарында, егер арақашықтық сақталмаса және адамдар көп болса ауа арқылы жұғады. Ауру адам аэрозоль шығарады. Оның бөлшектерінің мөлшеріне байланысты коронавирус ұзақ уақыт құрамында сақталуы мүмкін. Бұл жағдай, әсіресе, адамдар топтанып суға түскенде қауіпті", - деді Есмағамбетова.
Айта кетейік, 2 шілдеде барлық қызметкер вакцина алуы тиіс нысандардың кеңейтілген тізімі күшіне енді. Тізімге базарлар, сұлулық салондары, кафелер, мейрамханалар, қызмет көрсету орындары және басқа да нысандар кірді.
massaget.kz