Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе салдыру – маңызды шара

Екпе салдыру – маңызды шара

Әлемді әлекке салған қауіпті дерт коронавирус індетімен күресіп жатқанымызға да бір жылдан асып барады. Қауіпті індеттің ауыздықталар түрі көрінбейді. Covid - 19 кеселінен талай ел теңселіп кетіп, талай адам көз жұмды. Тозаңдай ғана вирус қаншама асыл жандарымызды алып кетті... Құрметті жерлестер! Дәл осы уақытта кентіміздегі эпидахуалдың қиын болып тұрғандығы бәрімізді алаңдатады.Сондықтан вакцина алу және санитарлық тиісті нормаларды қатаң сақтау- аурудың алдын алуда оң әсер ететін ең негізгі шаралар! Сондықтан да өзіңіздің және өзгенің қауіпсіздігі үшін Сіздерді екпе салдыруға шақырамын!
«Бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» өзіміз үшін, болашақ ұрпағымыз үшін екпе салдырайық!
Аз ғана уақыт құдай жолы,той-томалаққа баруды шектей тұрғанымыз жөн.

Ең басты құндылық-СІЗДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫҢЫЗДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ АМАНДЫҒЫ!

Саягүл МАҚАШЕВА,
№19 Жақсықылыш орта мектебінің директоры



23 шілде 2021 ж. 273 0