Қауіпті індет күннен-күнге өршіп барады

Жайбарақат күн кешуге әсте болмас. Себебі коронавирус инфекциясы – тез тарайтын аса қауіпті ауру. Бүкіл әлемді дүрліктірген дүлей дерттің әлі де нақты емі табылмай жатыр. Әрбіріміздің салғырттық танытқандығымыздың салдары науқастар санының артуына себеп болып отыр. Біз сияқты шағын мемлекет үшін соңы өлімге душар ететін мұндай арулар аса қауіпті. Сондықтан бұл ауруға немқұрайлы қарамау керек екендігін уақыт көрсетсе де, біз әлі де мойынсұнбай келеміз.
«Сақтансаң сақтаймын» деген халқымызда жақсы сөз бар. Аталған дерттің ауқымы кең. Ол бүкіл әлемге ауыз салды. Қаншама адам осы дерттен көз жұмды. Сондықтан өзіміз үшін, болашақ ұрпақ үшін аз уақыт сабырлық сақтап, санитарлық талаптарды сақтайтын болсақ, бұл қиындықты да еңсеретін боламыз. Әрбіріміздің бір ғана әрекетіміз аурудың санының артуына немесе азаюына септігін тигізбек. Сол себепті көшеде бетперде тағып, қолды жиі жуып, қарапайым талаптарды сақтап өмір сүруге шақырамын.
М. СӘРСЕНБАЕВА,
Сексеуіл кентінің тұрғыны