Тойды тоқтатқан жөн

Бүгін біз қысылтаяң шақта тұрмыз. Індет күннен-күнге дендеп барады. Тіпті жақын танысымыз, туысымыздың, көршіміз бен әріптесіміздің коронавирус жұқтырғаны анықталғаны жөнінде естіп жатырмыз. Біздің ауданның өзінде аталған ауруға шалдыққан науқастар көбейіп жатыр. Осыны ести тұра, біз «Бір құдай жар болсын» деген тәмсіл сөзді ұран етіп, той тойлауды тоқтатып жатқан жоқпыз.
Біз тарихта талай нәубетті жылдарды бастан өткердік. Тәуелсіздік алған 30 жылға жуық уақытта санымыз жағынан 18 миллионға жуықтадық. Енді ұлт басынан тағы да бір сын сағатын өткеруде. Бұл аурумен бірігіп күреспесек, өзімізді ғана емес, жанымыздағы жақынымызға зардап шектіруіміз мүмкін. Сондықтан даңғаза тойды доғарған жөн. Аз уақыт шыдамдылық танытсақ, жақсылығы мол жаймашуақ өмірге де тез оралатын боламыз.
М.Нұрашева,
қала тұрғыны
қала тұрғыны