Береке-бірлігіміз бекем болсын

Халқымыз өз тарихында талай қиыншылықтарды, зобалаңды бастан кешірген. Сонда да өзіне тән ұлттық қалпын жоғалтпаған текті халық. Сол қасиеттерінің бірі – қайырымдылық, жомарттық. Қиын шақта көмегі, жылы лебізімен, бар ықыласымен адамдардың көңілін қуанту - зор адамгершілік қасиет. Көңілің мен пейілің кең болса, елде ынтымақ, бірлік орнап, ырыс құйылады деген еді бұрынғы үлкендер.
Иә, айтар болсақ, кеше ғана көрші Қазалы ауданынан елге шөп жеткізілді. Мұны қиналған сәтте қол ұшын беріп жатқан ел азаматтарының ұйымшылдықпен атқарып жатқан нәтижелі жұмысы деп білеміз.
Көмекті береке-бірлігі орныққан ел ғана жасай алады. Әр қиыншылықтың артынан түбі бір жеңілдік келеді деген осы болар. Осындай қиын жағдайда елмен бірге болған аймақтағы, аудандағы барлық азаматтарға аралдықтар дән риза. Ел ризашылығына бөленіп жатқан сіздердің алдағы уақытта жұмыстарыңыз берекелі болады деген сенімдеміз.
"Ынтымақсыз елде береке жоқ" дейді халқымыз. Сондықтан бірлігіміз бекем болсын!
К. ЗДЕНОВА