Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлікті ұрлықшылардан қорғаудың жолдары қандай?

Көлікті ұрлықшылардан қорғаудың жолдары қандай?

Бұл туралы ІІМ алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты.

Ол өз көлігіңнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін айтты.
- көліктің есігін ашық және оталдырулы күйде қалдырмау;
- көлікті түні бойы қоятын кезде гаражды немесе күзетілетін тұрақты пайдаланыңыз;
- көлікті ұрлыққа қарсы электрондық жүйелермен, соның ішінде ұрлыққа қарсы электрондық және механикалық құрылғылармен және GPS маяктарымен жабдықтау;
- автокөлік салонында құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаңыз;
- жеке тұлғалардан автокөлік сатып алғанда құқық белгілейтін құжаттарды беруді талап етіңіз.
Егер сіз автокөлікті ұрлау немесе айдап әкету жасалғанын байқасаңыз, онда дереу жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе «102» телефоны бойынша хабарлаңыз, - деп түсіндірді Қанат Нұрмағамбетов.
Бұған дейін автокөлік ұрлығын болдырмау үшін қандай жұмыс жасалып жатқаны хабарланған болатын.

baq.kz
23 тамыз 2021 ж. 364 0