Әкім сапары: Сырдағы жұмыс серпінді
Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерді аралап, елге ортақ бірнеше мәселелерге қанықты. Бүгінде ауданның сыр беткейінде толымды тірлік қолға алынып, ел еңсесін тіктейтін бірнеше жұмыстар істелуде. Солардың бірі – аудан көлемінде жыл сайын көтеріліп келе жатқан жол мәселесі. Шыны керек бүгінде ел мен елді байланыстырып, алыс жерді жақындататын күре жолдың күрделі күйі күн тәртібінен түспей тұр. Жұмыс жоқ емес бар, бірақ сиырқұйымшақталған сол жұмыстың соңы жергіліктің халықтың сабырын түгескен секілді. Біз Жаңақұрылыс – Бекарыстан би арасындағы 23 шақырымдық жолдың мәселесін айтып тұрмыз. Басталғанына 3 жылдай уақыт болған жұмыстың жауапсыз мекеменің кесірінен әлі күнге бітпей тоқтап тұр. Аудан әкімі Жаңақұрылыс ауылының кіре беріс қақпасында ауыл ақсақалдарымен кездесіп, осы мәселені тағы бір мәрте пысықтады.
Жаңақұрылыс – Бекарыстан би арасындағы тас жолдың жұмысына былтыр 100 млн. теңгенің үстінде қаржы қаралған. Ал биыл осы жұмысты қайта жалғастыруға 216 млн. теңге қаржы бөлініп тұр. Алайда қолынан іс келмейтін мердігер мекеменің жауапсыздығынан жұмыс тағы тоқтап қалған. Бұл жұмысқа жауапты мердігер мекеменің өкілдері бұл кездесуге келмеді. Ауыл ақсақалдарымен болған кездесуге облыстық автомобиь жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеуімбетов арнайы келіп, жұмыстағы шикіліктің жай-жапсарын халыққа түсіндірді. Айтуынша «СтройМодулАстана» ЖШС жұмыс орындаушы мекеме ретінде жауапкершілікті мойнына алғанмен әлі күнге кешеуілдеп келеді. Былтыр осы жолға бөлінген қаржы игерілмегендіктен, қазынаға кері қайтқан. Биыл да солай болмасына кім кепіл? Егер солай болатын болса, бұл жолдың аяқталуы қиын болайын деп тұр.
Ауыл сыртындағы кездесуде аудан басшысы қуаңшылық жағдайына байланысты беріліп жатқан көмек жайында сұрады. Оған ауыл халқының атынан ризашылығын білдірген ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сердалы Шалбаев ауыл тұрғындарына жем-шөптің жеткізіліп жатқандығын айтты. Осы тұста ол аудандағы жағдайға бей-жай қарамай, қаржылай көмек көрсеткен мецинат Болат Өтемұратовқа ауыл тұрғындарының атынан алғысын білдірді.
Расында тұрғындарды бәрінен бұрын жол мәселесі қатты қажытып жүргені байқалады. Өз кезегінде ардагер С.Шалбаев:
– Енді бұл жолдың бітпейтін түрі бар. Биыл да аяқталатынына сеніп отырған жоқпыз. Енді тым болмаса осы жолдың аяқталмаған 15 шақырымдай жерін арнайы техниканың көмегімен тегістеп берсе дұрыс болар еді. Тым болмағанда ауыл халқы қыстай Қазалы мен екі ортаға жол азабын көрмей қатынаса дейміз. Соған көмек берсеңіздер, - деді.
Бұл мәселе шешілетін болды. Енді жақын күндері Жаңақұрылыс – Бекарыстан би арасындағы жолды тегістеу жұмыстары басталады. Бұл жұмыстың қолға алынатынын аудан әкімі С.Сермағамбетов пен облыстық автомобиь жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеуімбетовтер айтты.
Айтпақшы, Жаңақұрылыс пен Хан ауылының тұсындағы қалқымалы көпірге дейінгі аралықтағы жолдың да істелетін күні алыс емес. Орташа деңгейде бұл жолдың да аудан орталығымен қатынасты біршама жеңілдетеді деп күтілуде.
Мұнан соң аудан әкімі Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң көлі маңындағы шөп ору жұмыстарына қатысты. Ақлақ тоспасы маңынан 1 жарым шақырымдай жол жүріп, адам бойынан асып түсетін нулы жерге жеттік. Бұл маңда престелген көк шөп көп. Қос техника нулы жердің нәрлі шөбін престеп беруде. Оның бірі – жақында Б.Өтемұратов қорынан бөлінген қаржыға алынған шөп шапқы техникасы. Екіншісі – қосалқы көмекке келген жергілікті жердің техникасы. Бұл маңдағы тынымсыз тірлік бір сәтке болсын толастап жатқан жоқ. 5-6 жұмысшы осы шабындықтың басында. Нәтижесінде күніге 300 престің үстінде шабылып жатыр. Әзірше мұнда шабылып жатқан шөптер Бөген, Қаратерең ауылдарына берілуде. Бағасы да тиімді.

Аудан әкімі бастаған топ бұдан әрі Аманөткел ауылына жол тарттық. Ауыл ішін кесіп өтіп, жөнедеу жұмыстары жүріп жатқан «Аспай» суақытқысына да келдік. Жер қайыстырар ауыр техникалар тынымсыз жұмыс жүрігізіп жатқан бұл маңда әркім өз ісімен айналысуда. Бастысы, сеніп тапсырылған жұмысты уақытылы аяқтау. «Аспай» суағытқысының айналмасында «Бұрмақұлақ» арнасын бөгеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол арқылы дария арнасын жайылымдық жерлерге бұру көзделуде.

Бүгінде «Бұрмақұлақ» арнасындағы бөгеттің биіктіні 2 метрге жеткен. Негізі жоба бойынша 5,20 метрге дейін биік болуы керек.
Аудан басшысы бұл жұмыстармен айналысып жатқан мердігер мекеменің өкілімен кездесіп, жұмысты уақытылы әрі сапалы істеу керектігін айтты. Себебі бұл жұмыстардың дәл қазіргі уақытта халық үшін және шаруалар үшін маңызды. Су айдындарының арнасын реттеу арқылы жайылымдық жерлерді суландыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Аудан басшысы өз сөзінде бұл жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Ендігі бағыт Көктем елді мекені. 40-тың үстінде түтіні бар шағын ауылда соңғы үлгідегі мектеп, шағын орталық және дәрігерлік пункт жұмыс істеп тұр. Аудан әкімі №227 негізі мектебі ауласында ауыл ақсақалдарымен тілдесіп, елге ортақ мәселелерді талқылады. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Қ.Көлов көптен бері қозғалып келе жатқан ауыз су және жол мәселесін көтерді. Сондай-ақ зейнеткер А.Молдабаев ауылға жылдамдығы жоғары интернет, ұялы байланыс және де аулдық дәрігерлік бекеттің мәселесін аудан басшысының назарына салды. Бұл кезге дейін ауылдағы медициналық бекет жақын тұрған Сапақ немесе Аралқұмға емес сонау Бөгенге қарап кеткен. Дәрі-дәрмек пен көрсетілер көмек те сол жақтан. Ауыл тұрғындарына қиындық тудыратын да осы жағдай.

Иә, сапар осымен тәмам. Аудан әкімінің сапарындағы жарты мезгілдің өзінде Сыр беткейіндегі біршама толымды жұмыстарға куә болдық. Қолға алынатын жұмыстар қаншама?! Бастысы қуаңшылық қыспағы мен қатерлі індеттің құрсауынан аман шықсақ деген тілек қана. Ағайынның да айтары осы. Олардың аудандағы қолға алынып жатқан жұмыстарға көзқарасы оң, ниеті түзу. Бастысы осы.
«Толқын» ақпарат