Қуаңшылық салған қиындықты жеңіп келеміз

Қуаңшылықтың салдарынан мал түзден қылтық шөп таппай, су ішуге барып тартылған көлдің батпақты табанынан шыға алмай жаппай қырыла бастады. Жаз басында шараулар шырылдап өздерінің халін тиісті орындарға жолдады. Әрине елдегі осы ахуал ешкімді би–жай қалдырған жоқ. Аралдағы шаруалардың жағдайына алаңдаушылық білдірген сала басшылары тиісті шара қабылдап, мәселені оң шешуге атсалысты. Аудан аумағында төтенше жағдай жарияланып шаруалардың шығындары өтелуде. Көп түкірсе көл демекші көршілес аудандар да аралдықтардың қиындығын біргі көтерісіп, жем-шөп жеткізуде. Әрине, қазір бәрі тамаша деп айта алмаймыз. Бірақ күрделенген мәселенің шешілу жолдар өз нәтижесін беруде.
Осы ретте қарапайым халық үніне құлақ түріп, мәселеннің мәнін табуға тырысқан құзырлы орын басшыларына алғысымды айтқым келеді. Елім дейтін ер барда, ерім дейтін ел қашанда табылады. Жомарттық қалпынан айнымаған жұртымыз да жан-жақтан аралдықтардың ауыр жүгін көтерісуге атсалысуда. Осының бәрі біздің мызғымас бірлігіміз бен татулығымыздың жемісі деп білемін.
Әсемхан ӘБІЛОВ,
Мергенсай ауылдық окургінің
қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы