Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол бойында мал жаятындар жауапкершілікке тартылады

Теміржол бойында мал жаятындар жауапкершілікке тартылады

Жыл басынан теміржол бойында жайылып жүрген төрт түлік 830 пойыздың күрт тоқтауына себеп болған. Соның ішінде локомотив бригадасы 440 рет жануарларды аман алып қалған, деп жазады Egemen.kz.

«Адамдар теміржолға жақын маңда мал жаю ережесін сақтамайды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді», дейді «ҚТЖ»  Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шәкенов.
Осыған байланысты жыл сайын теміржол бойын малдан қорғау үшін 800-1000 шақырым қоршаулар орнатылады. Биыл теміржолшылар темір жолдың жанында орналасқан 47 мыңнан астам елді мекен тұрғынын қауіпсіздік ережесімен таныстырды. 
ҚТЖ теміржол бойында қараусыз жайылып жүрген мал үшін айыппұл қарастырылғанын, сонымен қатар, мал иелері пойыз қозғалысына кедергі келтіргені және жылжымалы құрамға зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салады.
02 қыркүйек 2021 ж. 474 0