Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент өндіру туралы азаматтық іс медиациялық келісіммен аяқталды

Алимент өндіру туралы азаматтық іс медиациялық келісіммен аяқталды

Арал аудандық сотында талап қоюшы С.Н-дің жауапкер Т.Ж-дан баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырау үшін алимент өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды.

Талап қоюшы арызында, қазіргі уақытта заңды некеден үш жасқа толмаған баласы барын, материалдық көмекке мұқтаж екенін, жауапкер өз еркімен көмек көрсетпейтінін мәлімдеп, баласы үш жасқа толғанша 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп беруді сұраған.

Сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
05 қазан 2021 ж. 334 0