Алимент өндіру туралы дау медиациялық келісіммен аяқталды

Талап қоюшы арызында, қазіргі уақытта жауапкермен бірге тұрмайтындығын, заңды некеден үш жасқа толмаған баласы барын, баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейтіндігін, материалдық көмекке мұқтаж екенін, жауапкер өз еркімен көмек көрсетпейтінін мәлімдеп, баласы үш жасқа толғанша 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп беруді сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшының пайдасына баласы үш жасқа толғанша ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы болса, өзінің қойып отырған талабынан бас тартып, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі