Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұман мен көктайғақ: Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Тұман мен көктайғақ: Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Көкшетау қаласында 6 қазанда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші – 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауылмен сақталады.
Қызылорда қаласында 6 қазанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

stan.kz
05 қазан 2021 ж. 367 0