Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – қолайлы шешімге қол жеткізеді

Медиация – қолайлы шешімге қол жеткізеді

Арал аудандық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер Т-дан баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды.

Талап қоюшы арызында, қазіргі уақытта жауапкермен бірге тұрмайтындығын, заңды некеден үш жасқа толмаған баласы барын, баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейтіндігін, материалдық көмекке мұқтаж екенін, жауапкер өз еркімен көмек көрсетпейтінін мәлімдеп, баласы үш жасқа толғанша 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп беруді сұраған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер баласы үш жасқа толғанша ай сайын өз ара келісілген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
11 қазан 2021 ж. 282 0