Ауа райы. Төрт өңірде ескерту жарияланды
Қазгидромет 16 қазан күнгі ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстікте, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.
Сондай-ақ 16-17 қазанда Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары көтеріледі.
baq.kz