Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасылық дауларда медиацияның тиімділігі зор

Отбасылық дауларда медиацияның тиімділігі зор

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде неке бұзу туралы және баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы екі талап сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енген соңғы өзгерістерге сәйкес, судья талап арызды соттың өндірісіне қабылдамай тұрып, он жұмыс күні ішінде татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
Осыған орай, татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы айта келе, дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде, неке бұзу туралы талап бойынша тараптар татуласып, некелерін сақтап қалу жөнінде медиативтік келісімге келсе, үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы талап бойынша жауапкер ай сайын талап қоюшымен өзара келісілген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттенген.
Сот ұйғарымдарымен келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қазан 2021 ж. 295 0