Алтын ұя
Қайбір қоғам дамуының басты тетігі білім беру екендігі ақиқат. Бүгінгі күні де рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалып келеді. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» десе, адамдықтың тепе-теңдігі болатын алтын таразы – ол мектеп екені даусыз.
«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», – дейді дана халқымыз. Мен осы орайда, туған өлкеміз Арал қаласындағы білімнің темірқазығы болған алтын ұя мектептің қысқаша тарихына тоқталып өткенді жөн көріп отырмын.
Қарт теңізді Арал өлкесінде сонау 1970 жылы жаңа білім ордасы – №220 қазақ орта мектебі алтын қақпасын ашты. Аталмыш білім ордасының ойы озық, шығармашылығы шырқау, ізденісі ілгері ұстаздары сол алғашқы жылдардан-ақ талабы мен таланты, зейіні мен пейілі тел өскен, таза жүректі жас түлектерді өмірдің ұлы жолына қадам бастырды.
Ең алғаш мектеп басшылығына «қазақтың Макаренкосындай» болған бітім-болмысы зиялы, абзал тұлға – Төлеш Дәрменов келді. Сол жылдары аудандық білім бөлімінің басшысы парасат-пайымы келіскен, нағыз қайреткер ұстаз – Ебейсін Исаев еді. Қос алып тұлға жаңа мектептің қанатын кеңге жайып, шаңырағының биік болуы үшін аудандағы білімі үздік, тәжірибесі озық болған мұғалім-педагогтарды №220 орта мектебіне жинады. Мектептің тұңғыш оқу мен тәрбие іргетасын қалаушылар деген ғажайып бақ Жеткерген Қанатбаев, Жәмиға Сұлтанова, Болат Мақатов, Қайролла Байшораев, Бақыт Сермағанбетова, Бижан Қадыров, Тиыштық Қуанышбаев, Дәкібай Әбдіраманов, Шолпан Сүйеубаева, Күнімкүл Ерімбетова, Зейнегүл Асанбаева сынды мұғалімдерге бұйырған еді. Бұл тізімде өзім де бармын. Шын мәнінде, мұғалімдік – білімге деген, мәдениетке, өркениетке, адам жанына деген махаббаттан туған асыл мамандық. Оған шексіз сезім, риясыз көңілмен ғана бар ынтасымен өзін арнамаса ақ жүрек, жас ұрпаққа жасалған қиянат болар еді. Біз осыны сезіне білдік. Ұстаздықты өмірдің үлкен сыйы көрдік. Біздің ұжым тамаша ұжым болды. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмылған жұдырықтай мектептің алып діңгегін тұрғызыстық. Біздің жетістіктерге жетіп, марапатқа ие болуымызға сөз жоқ Төлеш ағайдың еңбегі ерен еді. Ол үнемі жүрген жерінде өз қызметкерлерін мақтап, мадақтап жүретін. Әрбір қызметкерін өзінің туған іні-қарындасындай көріп, шексіз сүйе білді, олардың ар-намысын, мұғалімдік ізденістерін қадірледі, алып тұлғасымен басын иді. Мектеп директоры Төлеш ағай да, мектеп мұғалімдері де – сол бір аяулы шақтардың ең асыл, әзиз естеліктері боп санамда мәңгі жаңғырып тұра бермек.
Кейін мектеп басшылығына Ерғұлан Қазыбаев сынды білікті де, білімді басшы келді. Алдыңғы жолдың сүрлеуінен жаңылмастан мектеп абыройын асқақтатып, мұғалімдер мәртебесі мен оқушылар ой-санасын бәрінен биік қойды. Сол жылдары кейбір мектептерге «кабинеттік жүйе» енгізілген еді. Ерғұлан Қазыбаев басшылық жасап тұрған кезде «кабинеттік жүйе» жолға қойылды. Әр пәннен кабинет бөлінді. Әр пән мұғалімдерінен кабинет меңгерушісі сайланды. Біз барынша өз пәнімізге сай кабинет жасақтап, көрнекі жабдықтармен безендірдік. Тіпті, мен өз кабинетіме шағын кітапхана ашып, оқушылар үшін шығармашылық бұрышын жасаған едім. Е.Қазыбаев біздің жақсылығымызды асырып, кемшілігімізден сабақ алуға үйрете білді. Біздің тәрбиеші, жол нұсқаушымыз бола білген еді. Ұстаздық жолда жетістікке жетіп, ұстаздық атқа кір келтірместен ардақтап, «ұстаз» атын зау биікте ұстағанымызға әуелі Алланың, кейін басшылық жасаған Төлеш, Ерғұлан ағайлардың еңбегі екендігі белгілі. Сөзсіз, бұл екі тұлға біздің титтей жақсы жақтарымызды елеп, кемшілігімізді тәжірибе жолындағы табиғи заңдылық деп, әйтсе де одан сабақ ала білуге баулыған, бізді шығармашылық жолда қанаттандырған, мектеп өмірін абаттандырған, оның рухани, білім, тәрбие тұрғысынан ішкі атмосферасын қалыптастырған жандар еді.
Ұстаздық жол – ауыр жол. Зор жауапкершілікті талап ететін аса күрделі мамандық. Ұстаз – педагог, психолог болудан бөлек, өнердің барлық саласын меңгерген әмбебап тұлға болуы тиіс. Кейде ойлаймын, осыншама қиындықты бір ғана күш жеңіп кетеді екен ғой деп. Ол – біздің адам баласына білім мен тәрбие үйрету атты іске деген махаббат екен. Иә, шын мәнінде солай да! Ұстаздық жолымызда талай жетістікке жеттік, еңбегіміз еленіп, бірінші халықтың ақ адал ниет алғысына, қала берді білім басқармаларының марапаттарына да ие болдық.
Ұстаз үшін ең үлкен жетістік не десе, шәкіртіңнің шыңнан көрінуі дер едім. Қазіргі таңда шәкірттеріміз дүниенің кірпішін қалап, өз орындарын тапты. Талай жауапты қызметтерді атқарып, білікті азамат екендігін дәлелдеп жүрген шәкірттеріміз – біздің мақтанышымыз. Мектеп тарихында басшы болған Зәру Ізімбетова, бүгінгі күні аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова да мектебіміздің түлектері екендігін айтып өткім келеді. Талай шәкіртті білімнің асқар белесіне шығардық, ақ айдын шалқар теңізіне шомылдырдық, дүниенің ғажап сырларына қанықтырдық, нұрлы күннің алтын шуағына бөледік, өмір атты алып кітаптың әліппесін меңгертіп, Абай айтқан «адам болу» идеясын жүректеріне дес қып тоқыдық. Біз үшін бұдан асқан бақыт жоқ, сірә?!
Осындай еңбегіміздің еленгені болар, ұзақ жылғы тәжірибем барысында өзім «КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі», «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Жоғары санатты Аға мұғалім», «Еңбек ардагері» марапаттарына ие болдым. Сол секілді, мектебіміздің озық қызметкерлері Жамиға Сұлтанова «Жоғары санатты Аға мұғалім», «Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі», «Еңбек ардагері», Болат Мақатов «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» болса, Төрехан Тәңірбергенов «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатына» ие болды. Біздің жолымызды жалғап, ізімізге ерген іні-қарындас әріптестеріміз де толайым табыстарға жетті. Асыл Кенжеғұлова «ҚР Білім беру ісінің озық қызметкері», Елизавета Жұбаниязова «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» марапаттарын иеленді.
Мен қызмет еткен жылдары мектеп басшылығында болған Төлеш Дәрменов, Темірхан Рахимов, Ерғұлан Қазыбаев, Зәру Ізімбетова, кейін Нұралы Оспанов, Аманкелді Бөлекбаев, Күләйша Сүлейменова сияқты басшылар мектеп мәртебесінің өркендеуіне өзіндік зор қолтаңба қалдыра білді. Мектеп ісін ілгерілетіп, мұғалімдер мен оқушыларды өрге сүйреді.
Талай жылдар артта қалып, абыройлы зейнетке шығып, үйде отырсам да бар тілегім – мектебімнің абыройы, шәкірттер мен әріптестерімнің амандығы. Қаршадайымыздан мектеп табалдырыған аттап, еңбек жолымызды бастаған, жастық жалын, от-жігерімізді аямай еңбек етіп, зейнетке шыққан алтын ұя мектебім қашан да ыстық болатыны заңды. Ондағы қамқарекеттер қандай, мектеп жағдайы қалай, нендей жетістікке жетіп жатыр деп үнемі мектеп тыныс-тіршілігінен хабардар болып, ондағы атқарылған шараларға, жұмыс барысына риза боп, қуанып отырамын.
Қазіргі таңда тамыры тереңге жайылған мектебіміздің басшылығына өрелі де, парасатты жастар келуде. Өз басым кейінгі мектеп директоры Әліби Әбілбайұлын да өзінің терең танымымен, тынымсыз ізденісімен тың серпіліс танытып үлгерген үлгілі ұстаз-басшы деп есептеймін. «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді» дегендей, алдыңғылардың даңғыл жолынан жаңылмастан, мектеп туын жоғары ұстап, бағыт-бағдары айқын соны сүрлеуге түскен ой-санасы жаңа заманның нұсқасындай, дәстүрден тамыр алған заманауи жаңашыл тұлғалардың мектеп басшылығына келгеніне шүкір деймін. Мектеп жүрегі болған мұғалімдердің шығармашылығын шыңдау, ізденістерін ілгерілету, білім сапасын жоғарылату, мектеп мәртебесін көтерудегі, ең бастысы бәсекеге қабілетті маман дайындау жолындағы атқарып жатқан істері орасан.
Қарап отырсам, кейінгі жылдары мектеп абыройы асқақтап, толағай табыстарға жетіпті. Алтын белгі иегерлері мен үздік аттестатқа тәмамдаған оқушылар, олимпиада сынды білім бәсекелерінде, оқушылар мен мұғалімдердің аудан, облыс, республика көлемінде білім, өнер, спорт додаларында топ жарып жүлделі орынға ие болуы, бәрі-бәрі дұрыс жүргізілген саясат, сындарлы еңбек пен жолға қойылған істің нәтижесі деп білемін.
Ең озық, айтулы білім ордалармен иық теңестіріп тұрған алтын ұя №220 орта мектебіміз ел ертеңі жастарды білім мен тәрбие негізінде шыңдап, «толық адам» қып қалыптастырудағы орасан зор еңбегі мектеп тарихы алдында, тіпті, Отанымыздың ұлы тарихы алдында абыройлы да, асқақ іс деп айта аламын.
Жолдасым Жеткерген Қанатбаев теңіз жағалауындағы Аққұмда туып-өскен тумысынан ерек, болмысынан дара ұстаз еді. Оқушылық жылдары мектеп қабырғасын күміс медальмен тәмамдап, Алматыдағы Абай атындағы институтты физикаастрономия мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан көкірек көзі ашық, сауатты жан болды. Өзім 1856 жылы Қызылорда қаласындағы сол кездегі Н.В.Гоголь атындағы институтқа түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша жақсы тәмамдап шықтым. Сол жылдары біздің декан, қазақ әдебиеті тарихының профессоры, түрколог ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың алдынан дәріс алып шықтық. Алғашқы еңбек жолымызды 1960 жылы Бөген мектебінен бастадық. Кейін 1970 жылы Арал қаласында жаңадан іргетасы қаланған жаңа мектептің ең алғашқы мұғалімдері боп ұстаздық қызметімізге белсене кірістік.
Тәңіріге тәуба дейміз ғой, Құдайдың берген қарым-қабілеті мен тірнектеп жинаған білім-білігіміздің арқасында елге елеулі, халыққа қалаулы атымыз шығып жүрді. Адамның адамдық шынайы бағасын беруші, әрине, көзінің алмасы, көңілінің дүрбісі бар, Құдайдың бір атын иеленген – халық екендігі анық емес пе?! Халықтың, ел-жұрттың ыстық ықыласы мен шын тілеулес адал пейілдеріне қарап, шүкір, жаман болмаппыз деп іштей шаттанамыз, анығырақ айтсақ, ешбір баламасы жоқ ғажап шаттық кеудемізді кернейтін. Қоңыртөбел күй кешіп, қоңырайып жүрсең де, «әйкәпір» атанбай, «азаматтың баласы», «адам» деген ардақты атты көтеріп жүру – міне, өмірдің ең өзекті миссиясы осы деп білемін. Адам – өзі өмір сүріп жатқан қоғамның айнымас бөлшегі ғой. Қоғам істеріне етене араласып кеттік, жап-жас болсақ та, өзімізді тым ересек ұстап, алтын ұя, қара шағырағымыз киелі мектептің жел жағына пана, сырт жағына қорған бола білдік. Осындай азды-көпті еңбегіміздің еленгені болар, аудандық халықтық мәслихатқа депутат болып та сайландым. Сол бір жылдары мұғалім мәртебесін көтеру сынды мәселені мінберлерде көтеріп, адамзат тарихындағы ең ұлы істі атқарып жатқанымен, сырт көзге қарапайым ғана «кішкентай адам» тұлғасы іспетті ұстаздар қауымының тілекназдарын тиісті орындарда батыл жеткізе біліп, абыройлы, игі нәтижеге қол жеткіздік. Облыс басшылары, тіпті жоғары жақ басшылары алдында да тұтас Арал халқының атынан сөз сөйлеп, қоғамның саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени тұстарына да белсене араласқан едік.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!» деп бүкіл қамқайғысы қазақ тамырымен, кіндігімен өзектес, ұлы хәкім Абай данамыз:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға! – дегеніндей, Аллаға мың да бір шүкір, ұстаз болғанымызға, адамдықтың атын жықпай, байырқалы байрақтай нық көтеріп, еңсемізді тік ұстап, осы жасқа жеткенімізге ерекше қуанамыз, марқаямыз. Алда, әлі Алланың қалауымен ғұмыр сапарымды ұрпағымен мың жасаған Лұқман хәкімдей, биік шынар бәйтерек іспетті жапырақ-желегімді кең жайып, немере, шөбере, ағайын-туыс ортасында бақуатты да, бақытты күндер жасай бермекпін...

Күләш ҚАЛАСОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ардагер ұстаз