Азамат бағындырған белестер
Қайда барсақ та алдымыздан "Қай елдің азаматысың?" деген сұрақ күтіп алады. Бұл қазақ халқы үшін үйреншікті дүниеге айналған. Өйткені алдымен тегімізді, сосын туған жердің тумаларымен, азаматтарымен мақтанатын қазақпыз ғой. Тіпті өз ауылының тумасы саналатын тұлғалардың бір ауыз сөзін елдің ұранына айналдырып та аламыз. "Аралдың табанынан су кеткенмен, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ" деген Бекұзақ ақынның бір ауыз өлеңі осының дәлелі. "Жақсы ұл – елдің туы" дегендей біздің бүгінгі айтпағымыз да ауылда туып, ауданды бағындырған азамат.
Иә, Арал ауданы, соның ішінде Сырдың бойы саңлақтыққа лайық азаматтардың мекені. Жыршылық мектебі мен шайырлардың мекеніне айналғаны бір бөлек, талай шешендік сөздің шеберлері мен елге сыйлы азаматтар шыққан өлке. Арыдан қозғамай-ақ бүгінде арамызда жүрген азаматтарын айтсақ та жетіп жатыр. Солардың бірі ауданда абыройлы қызмет жасап, қай салада болмасын өзінің қабілетімен таныла білген, жақында сол еңбегінің жемісін көріп, зейнет демалысына шыққан Тәңірберген Дәрменов десем артық болмас. Мемлекеттік қызметтегі мәртебесі, ұстаздық ұлағаты бір төбе азаматтың өлкетанушылық, қалам тербеудегі шеберлігі де көпшілікті мойындатқан жан.
Бұл азамат жайлы айтар көп. Бірақ өзіндік болмысымен дараланған Тәңірберген Сейтжанұлының көп қыры мен қызметтік жетістігіне кіріспес бұрын, өмірбаянынан тоқтала кетейік.
Ол 1958 жылы 12 қаңтарда ауданға қарасты Аманөткел ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Қазақ С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1975-1976 жылдары «Аралтұз» комбинатында жұмысшы болып бастаған. Ал 1976-1978 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеп келген соң, 1978-1980 жылдары Бөген машина мелиоративтік стансасында жұмыс жасады. Осылайша қарапайым жұмысшы болып қызметтің қыр-сырын үйренген азамат 1980-1992 жылдары өзі туған ауылдағы №73 Аманөткел орта мектебінде трактор пәнінің нұсқаушысы, тарих және құқық пәндерінің мұғалімі қызметіне кірісіп, әр шаңырақтың еркелеріне дәріс берді.
Міне осы уақыттарда кейіпкеріміздің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі, оның еңбекке деген адалдығы анық байқалды. Соның нәтижесінде жоғарғы басшылық сенім артып, 1992-1994 жылдары №76 Аққұлақ орталау мектебінің директоры, одан соң 1994-2006 жылдары №73 Аманөткел орта мектебінің тарих, адам және қоғам пәндерінің мұғалімі қызметін атқарып, ұрпақ санасына ұлағат ұялата білді. 2006-2012 жылдары аралығында туған ауылы Аманөткел ауылдық округінің дамуына зор септігін тигізген округ әкімі ретінде абыроймен еңбек етті. Бұл ауыл көлемінде атқарған ауқымды жұмыстары ғана.
Ал 2012 жылдан бастап аудан көлемінде мемлекеттік қызметін одан әрі жалғстырды. Нақтырақ айтар болсақ сол жылдың мамыр-шіледе айларында Арал аудандық білім бөлімінің басшысы, 2012-2013 жылдары Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Идеология жөнін басқарған басшы ретінде көптеген жұмыстарға бастамашылық етіп, билік пен халық арасындағы байланыстың нығая түсуіне елеулі үлес қосты. Елдің сөзі мен халықтың қалауын тани білген басшы 2013-2014 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болған уақытында да біліктілігімен таныла білді. Бұл кезде де елдегі ахуал мен саяси жаңалықтарды, өзгерістерді және аудандағы айтулы ақпарларды ақпараттандыру жолында жемісті еңбек етті.
Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі әсіресе 2014-2019 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымында жүрген сәтінде бөлім жұмысының ілгерілеуіне көп көмек тигізді. Қызметтен бөлек туған жердің қасиетін терең түсінген Тәңірберген ағамыз халықтық мұралардың құндылығына да қадірлей қарайтын. Бұл жанашырлығына мәдениет саласының қызметкерлері анық көз жеткізді. Осы салада күрмеуі шешілмеген күрделі сауалдардың шешімін табуына, қордаланған мәселелердің маңыздылығына сүйене отырып, жүйелі жолға қойылуына жағдай жасады. Сонымен қатар ауданға қарасты мәдениет ошақтарының құжаттарын қайта жаңғырту, халыққа қызмет көрсету жолында сапасы сын көтермейтін мәдениет үйлерінің жұмысы қайта жандануына да ықпал етті.

Адамның азаматтығы еңбекте танылады ғой. Расында солай-ақ болды. Жоғарыда атаған елеулі істерін екшеген аудан басшыларының сеніміне ие болған Тәңірберген Сейтжанұлы қызметтік жылдарының соңғы кезеңінде 2019 жылдың 9 қаңтарынан бастап биылға дейін Арал аудандық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарып, зейнет демалысына шықты.
Бұл тұстағы еңбегін аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің кейіпкерімізді зейнет демалысына құрметпен шығарып салып тұрып айтқан сөзімен жеткізсек. Аудан басшысы еңбегі елеулі азамат жайында:
– 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, отставкға кетуіне сәйкес Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы өткізілді. Осы ретте Тәңірберген Сейтжанұлы осынау саяси науқанды жоғарғы деңгейде ұйымдастырды. Одан бөлек 2020 жылы Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардың Сайлауын өткізді. «Nur Otan» партиясының бастамасымен ел тарихында тұңғыш рет өткен жалпыұлттық деңгейдегі партияның сайлауалды іріктеуіне, яғни праймериз науқанында да ақпараттандыру бағытында үміткерлердің бағдарламасын барынша кеңінен елге жеткізуге ықпал жасады. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болып, ағымдағы жылдың тамыз айында 13 ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауы өткендігін де анық білеміз. Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Аталған сайлау науқанын да жоғарғы деңгейде ұйымдастырды. Мемлекеттік салада қызмет атқарған жылдары шығармашылық жұмыспен айналысып, Арал өңірінің рухани мұралары мен тарихи тұлғаларның шежіресін жас ұрпақ жадысында сақтау мақсатында 2 кітабы жарық көрді, – деген болатын. Ендеше осыдан-ақ қандай тапсырма болса да шашау шығармай, асқан жауапкершілікпен қарайтындығын анық аңғарамыз.
Расында "Ишандар өткен ғұлама, хабар берген Алладан" атты кітабының екі бөлімі жарық көрді. Кешегі мен бүгінді жалғап, оқырмандарына рухани сабақ берген бұл кітаптардың да құндылығы өте жоғары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында кездесу де өтіп, оқырман қауымның жоғарғы бағасын алды.
Бұл айтқанымыз кейіпкеріміздің бағындырған қызметтік белестері ғана. Ал азаматтық болмысы өз алдына бөлек әңгіме. Расында әр уақыттарда өзінің жанындағыларға жағымды әңгімесі мен ел сүйсінер әрекеттері жатталып қалатын жанның бірі екенін көп естідім. Мен де еңбек жолымды Тәңірберген ағамыздың туған жері Аманөткелден бастадым. Сол кезде кейіпкеріміздің шәкірттері "Ағайдың ізденімпаздығына тәнті болатынбыз. Әр сабағының соңында бізге "тағы нені үйренгілерің, білгілерің келеді?" дейтін. Білуге құштар уақытымыз ғой. Жамырап сұрақ қоя жөнелеміз. Барлық сұрағымызға жауап береді. Егер білмей қалғаны болса "Келесі сабақта осы сұрағыңды ұмытпа" деп кететін. Уәде еткеніндей келесі сабағында дәл сол сұраққа жауап тауып, айтып беретін" дейтін. Шәкірттеріне ұстазының осы бір қасиеті үлгі болғандай. Жақсыға ұқсауға ұмтылатын бала көңіл бүгінде олардың да тұлға болып қалыптасуына себепкер болған.
Кейіннен журналистік қызметке ауысқан кезімде де ағамызбен бірге сапарлас болып, әңгімелерін жиі тыңдап жүрдім. Сол уақыттарда да ізденісіне, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге деген құлшынысы мен жігеріне куә болдым.
Мәселен Кеңес Одағының Батыры Мақаш Балмағанбетовтің Аралдан шыққанын дәлелдеген уақыты жайлы да айтып берді. Батыр туралы мәліметтер өте көп болмаса да, арагідік кездесетін ақпараттар арқылы таныған екен. Бірақ бұған баса назар аударған адам аз болған. Арнайы іздеп, Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің директоры Н.А.Қуанышовадан «Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары» кітабынан Балмағанбетов Мақаштың 1914 жылы Қазалы ауданының №17 ауылында туғандығын біледі. Ал Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник М.Дәулетбаховтың қолы қойылған деректік хатында қазалылық белгілі қаламгер, ақын, марқұм Ж.Мәкенәлиевтің 2015 жылы жарық көрген «Отан үшін от кешкендер» кітабында жарияланған Мақаш Балмағанбетов туралы соңғы мәліметтерде Арал ауданының, Аманөткел ауылдық кеңесіне қарасты «Қара дөң» деген жерде туылғандығына байланысты сілтеме жасайды. Бұл екінші мәлімет. Тіпті Қазалының Арықбалық ауылында тұрғандығын да жазған деректер кездескен. Міне, осыны терең зерттеу арқылы Қара дөңде туғанын дәлелдеп шығып, батырдың Аралдық екенін көпшілікке таныстырды. Кейіннен батырлардың ұрпақтарын қауыштырып, "Толқын" газетінде "Сексен сегіз жылдан кейінгі кездесу" мақаласының жариялануына себепші болды. Кейіннен туған жерінде батырға құрмет көрсетуді бастама еткен ол Мақаш Балмағамбетовтің атына көше берілуге ықпал жасады.
Міне, еңбекке ерте араласып, талай белесті бағындарған Тәңірберген Сейтжанұлы бүгінде 4 бала тәрбиелеп, отанасымен бірге солардың қызығына кенеліп отырған ауданның белгілі азаматы, шаңырағының ақылшысы.
Оңталап ЖОЛДАСОВ