Ауылдың айтқыштары
Қазақы қоржын
Теңіздің батыс жағалауындағы «Ауан» аулында да небір айтқыштар өмірден өткен. Солардың бірі – Қилыбайұлы Сырғабек екен. Ә.Нұрпейісов ағамыздың «Қан мен тер» трилогиясындағы судыр Ахмет осы кісінің прототипі көрінеді.
Сол Сыр екен Арал қаласына келеді ғой. О жылдары геңіз суы толық, алып кемелер көгілдір айдынды әйқастап жүзіп жүр. «Победа» қайығы да бір-жар сағаттан кейін «Ауан» жаққа жол тартпақ.
Сырғабек те оған мінбек болып, базарлыкқа сықай толған казақы қоржынын рулевой Алашыбайдың жанына әкеліп қояды да:
– Әй, бала, мынаған карай тұр. Мен казір келемін.-деп сыртқа беттейді.
– Ағасы-ау, тез оралыңыз!
– Иә, иә.-дейді де, жөней береді.
Қатар-құрбылары әзілдеп оны су Сырғабек атайды екен. Сол су Сырекең кайтып келсе, кеме жок. Сонау көз ұшында жүзіп барады. Содан жан-жағына алактап жүріп, мына мазмұнда телеграмма жолдапты:
«Колхозу Авань, Кулшану. Моторлы кайық «Победа». Казахский коржын. Екі басы полный.
Алашыбай знает. Кулшан получает. Подпись Килибаев».
Кеме барса, флотта Сырекеңнің Күлшаны (әйелі) күтіп тұр дейді. Су Сырғабек дегенмен акыл-ойдан кем болмағаны-ау!
Абыржы
Досықай Едігеев те сол «Ауаннан». Ол да артында сөз қалдырған жүйріктердің бірі. Кешегі кеңес өкіметі кезіңде жер-жерге уәкілдер жіберілуші еді-ау! Әсіресе, қысқы-жазғы науқанды кездері олар топ-топ болып жүретін-ді.
Сондай уәкілдің бірі «Ауан» колхозының балық аулау жайын көзімен көрмек болып барып, аралдап қалады. Самолет болса да жоқ. Абыржыға ұшыраған кемелер дереу тоқтауға бұйрық алады.
Содан уәкіл кысылады. Командировканың уақыты бітіп барады.
Ойласа келіп, қалаға телеграмма жолдамақ болады. Бірақ абыржының орысшасын келістіре алмайды.
Сол әңгіме-қауғаның үстіне Ұлы Отан соғысына қатысып, аздап орысша үйренген Досықай аға кіріп келеді ғой.
– Досеке-ау, мынаны келістіре алмай жатырмыз.- дейді.
– Hе нәрсені?
– Абыржының орысшасын…
– Сол ма, қағазды әкел бері дейді де: - «Ни льда, ни воды, ехать нельзя!» деп сойқайды ғой.
Қарапайым. Бірақ көпке түсінікті-ақ. Сондағы Досекеңнің бар сауаты- ертеректе молдадан аз-кем оқыған екен де, қызметі кооперацияның тері-терсек жинайтын агенті көрінеді.
Тосын сұрақ
Ал «Қуандәрия» МРС-нын (Моторлы-балык аулау стансасы) директоры болған Өтеген Сырлыбаев ағамыз да бір айтары бар адам еді. Ол кезде МРС-тың орталығы «Қасқа құлан» деген атауға орналасқан-ды. МРС-ка гоғыз колхоз қарайды. MРС оларды ау-құралмен, жылым торымен, арқалық-табандық арқан, тағы басқалармен қамтамасыз етуі керек. Ау-күрал тозады, арқалык-табандық арқан үзілетін жағдайлар жиі болып тұрады. Және теңіз тентектік мінез көрсетіп тулағанда, сары ағыска үшыраған ау-құралдар ығып кетеді не аркан болып есіліп қалады. Сол ағамыз колхоздарды жиі аралайды ғой. Бәрі де қосымша ау-құрал, басқа да материалдар сүрайды. Әр заттын тозатын мерзімі бар. Біразы әртүрлі себептермен ерте тозады. Су астындағы заделге (темір-терсекке) ілінеді, не жойкын дүлейге кездесіп, жоғалып кетеді.
Өтекең солардың бәріне тиісті жауап қайырып өзінің позициясын қорғап шығады екен. Тек бір кісіден ғана жауаптан тосыла беріпті-ау.
- Ол кім еді?
- Ол «Көпбірлік» колхозының (кейін Т.Шевченко аталды). Төрағасы Мақсұтқали Демесінов тұғын!
- Алдын-ала дайындалып-ақ барам, алайда ол тосын сұрақ қойып, мен дайындалмаған тұстан келеді. Сосын да сұрағанын алады, - депті ағамыз, күліп.
ШАХИР ЖҰППАМБЕТ.

Арал қаласы.