Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық кәсіпкер туған ауылына 116 миллион теңге тұратын сыйлық жасады

Қазақстандық кәсіпкер туған ауылына 116 миллион теңге тұратын сыйлық жасады

Қазақстандық кәсіпкер туған ауылына сыйлық жасау үшін 116 миллион теңге қаражат жұмсады.


Бұл туралы sports.kz– ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысынынан шыққан кәсіпкер Отырар ауданы Ақтөбе ауылында тұрғындарға арнап спорт кешенін ашты. Жомарт кәсіпкер аталған ғимараттың құрылысына 322 мың доллар жұмсаған.
Бірақ, бұл кешен әлі пайдалануға берілмеді. Көпшілік спорт кешенінде осы жылдың күзінде, яғни қыркүйек айынан бастап жаттыға жаттыға алады. Кәсіпкердің ашқан спорт кешінінде енді екі жүзге жуық балалар мен ересектер футбол, бокс, волейбол және күрес бойынша секцияларына бара алады.
Кәсіпкер спорт кешенін ашқан Ақтөбе ауылында 2500-ден астам адам тұрады, олардың 450-і – мектеп оқушылары. Спорттық нысанның иелері онда тек қана жергілікті балаларды ғана емес, сондай-ақ көршілес елді мекендердің де жасөспірімдерін қабылдамақшы.
stan.kz
27 тамыз 2018 ж. 1 181 0