Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздіктің 30 жылдығына: Ұлы көш

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына: Ұлы көш

Өтті ғой талай ғасыр бізге дейін,
Бабалардың жүрген жолы сайрап жатқан.
Ұрпақтары кешегінің  біздер едік,
Ұлы көштің соңына ерген нық сеніммен.
Ұлы көш, қазақ елі, бабаларым,
Не көрмеді осы жолда көп мехнат.
Білуге бабалардың ауыр жолын,
Міндетті, қазіргі ұрпақ шын көңілмен.
Шапқыншылық жоңғардың көп шаршатты,
«Ақтабан шұбырынды» бір дәлелі.
Орысқа қосылып ек ел болам деп,
Бодан болдық, мойынға түсті-ау құрық.
Орыстың қысымына шыдай алмай,
Талай ерлер қарсы шыққан қару алып.
Кенесары бабамдай ер тектілер,
Шейіт болған ақ жолында адалдықтың.
Арада уақыт өтті біршама уақ,
Дүмпу болды Ресейде «революция»,
Үміт оты жарқ етті қазағымның,
Тәуелсіз ел болам деп жүрегінде.
Ахмет, Мұстафадай ер тектілер,
Суырылып алға шықты, ұлы көштің.
Діттеген мақсатына жете алмай,
Шетел асты өз жерінен пана таппай.
Солақай саясаттың кесірінен,
Ашаршылық жайлады қалың елді.
«Репрессия» қазақтың қаймақтарын,
«Геноцид» большевиктің түп мақсаты.
Совет деген үкімет нық орнады,
Зәрін шашып айнала сұр жыландай.
Жымысқы саясатпен қазақтарды,
70 жыл мәңгүрттікпен алдап келді.
91-дің күз айы қазақ үшін,
Ұмытылмас кезең еді мәңгілікке.
Аңсап өткен бабалардың ақ арманы,
Тәуелсіздік ақ таңы атты міне.
Қайрат Мырзатайұлы,
Қосаман ауылы.
26 қараша 2021 ж. 529 0