Қазағымның жігіттері
Ғұн ба, әлде сақ па, түп-тегіңіз,
Жігіттер неткен қайсар, епті едіңіз.
Осынау Ұлы Дала төскейінде,
Салт атпен талай жерге жеткеніңіз.
Өттіңіз Азиядан Еуропаға,
Атауды қалдырдыңыз әр қопаға.
Бүгінде қай елде де кездеседі,
Қара көз, қара шаштар сол жотада.
Өттіңіздер талай елдің қақпасынан,
Қақпасын ашпағандар өртке оранған.
Болсада барған жерлер қанша керім,
Жеңіспен, мол олжамен елге оралған.
Қазағымның жігіттері өр кеуделі,
Өздеріңіз «Қазақия Бәйтерегі».
Жер қорғаны, алыбы, батыры да.
Байлық пен тыныштыққа бөккен елі.
Халқына «Мәңгілік ел» мұра еткен,
Қазағымның жігіттерін мақтан етем!
Асқар тау, шалқар көлім, Астанам бар,
Пейіштің жұмағындай болған мекен.
Аман-сау жүріңіздер төрімізде,
Неше түрлі мамандықтың бәрі Сізде.
Отағасы, әкесіз, аға, іні, ұл,
Өте, өте қымбатсыздар, Сіздер бізге!
С.Муньянова
Жігіттер неткен қайсар, епті едіңіз.
Осынау Ұлы Дала төскейінде,
Салт атпен талай жерге жеткеніңіз.
Өттіңіз Азиядан Еуропаға,
Атауды қалдырдыңыз әр қопаға.
Бүгінде қай елде де кездеседі,
Қара көз, қара шаштар сол жотада.
Өттіңіздер талай елдің қақпасынан,
Қақпасын ашпағандар өртке оранған.
Болсада барған жерлер қанша керім,
Жеңіспен, мол олжамен елге оралған.
Қазағымның жігіттері өр кеуделі,
Өздеріңіз «Қазақия Бәйтерегі».
Жер қорғаны, алыбы, батыры да.
Байлық пен тыныштыққа бөккен елі.
Халқына «Мәңгілік ел» мұра еткен,
Қазағымның жігіттерін мақтан етем!
Асқар тау, шалқар көлім, Астанам бар,
Пейіштің жұмағындай болған мекен.
Аман-сау жүріңіздер төрімізде,
Неше түрлі мамандықтың бәрі Сізде.
Отағасы, әкесіз, аға, іні, ұл,
Өте, өте қымбатсыздар, Сіздер бізге!
С.Муньянова