Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақы қоржын

Қазақы қоржын

Теңіздің батыс жағалауындағы «Ауан» аулында да небір айтқыштар өмірден өткен. Солардың бірі – Қилыбайұлы Сырғабек екен. Ә.Нұрпейісов ағамыздың «Қан мен тер» трилогиясындағы судыр Ахмет осы кісінің прототипі көрінеді.
Сол Сыр екен Арал қаласына келеді ғой. О жылдары геңіз суы толық, алып кемелер көгілдір айдынды әйқастап жүзіп жүр. «Победа» қайығы да бір-жар сағаттан кейін «Ауан» жаққа жол тартпақ.
Сырғабек те оған мінбек болып, базарлыкқа сықай толған казақы қоржынын рулевой Алашыбайдың жанына әкеліп қояды да:
– Әй, бала, мынаған карай тұр. Мен казір келемін.–  деп сыртқа беттейді.
– Ағасы-ау, тез оралыңыз!
– Иә, иә, – дейді де, жөней береді.
Қатар-құрбылары әзілдеп оны су Сырғабек атайды екен. Сол су Сырекең кайтып келсе, кеме жок. Сонау көз ұшында жүзіп барады. Содан жан-жағына алактап жүріп, мына мазмұнда телеграмма жолдапты:
«Колхозу Авань, Кулшану. Моторлы кайық «Победа». Казахский коржын. Екі басы полный.
Алашыбай знает. Кулшан получает. Подпись Килибаев».
Кеме барса, флотта Сырекеңнің Күлшаны (әйелі) күтіп тұр дейді. Су Сырғабек дегенмен акыл-ойдан кем болмағаны-ау!

Шахир ЖҰППАМБЕТ,                                                                                                                                  
Арал қаласы.
06 желтоқсан 2021 ж. 829 0