Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақсанда несиені неге кешіруге болмайды? Маман түсіндірді

Қазақсанда несиені неге кешіруге болмайды? Маман түсіндірді

Қазақстанда несиелік рақымшылық жүргізу туралы мәселе не себепті туындамайды?  Қаржы сарапшысы Серік Қозыбаев азаматтардың несиесін не үшін мемлекет кешірмеуі керектігін және оның салдары қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюрожаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Маманның сөзінше, жайдан-жай несиені кешіруге болмайды. 
“Бұл үлкен жауапкершілікке әкеледі. Адамдар несиені алып алады да, оны мемлекет төлеп береді деп күтіп отырады. Бұл жерде мәселе олардың несиелері кімнің ақшасынан жабылады, соны ойлану керек. Бұл әрбір адамның жеке жауапкершілігі. 
Жеке тәжірибемнен мысал келтірейін. 2008 жылы қаржылық дағдарыс кезінде менде өте үлкен ипотекалық қарыз болды. Бірнеше себептерге байланысты мен оны төлей алмадым. Бірақ менің ойыма несиемді біреуге төлету туралы ой кіріп те шықпапты, соның ішінде мемлекетке өтініш жасау деген ой болған жоқ. Бірақ мемлекет несиемді қайта қаржыландыруға мүмкіндік берді. Төлемнің азаюы, мөлшерлеменің азаюы болды. Меніңше, осы дұрыс шарт”, – дейді Серік Қозыбаев. 
Өз несиесін мемлекет төлеп беруі керек деп есептейтін адамдар жауапкершілігі жоқтар, дейді ол.
“Ал қазіргі жағдайда мемлекет төлеп беру бұл – нонсенс. Мұндай жағдай болмауы керек”, – дейді маман.
Айтуынша, мұндай азаматтардың саны аз.
“Банк акционерлері несиені төлеп бермейді, себебі бұл – заңсыз”, – дейді Қозыбаев.
12 желтоқсан 2021 ж. 393 0