Еліміздің бас шыршасының шамын жағу рәсімі қайда өтеді?

19 желтоқсанда сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында "Нұр Әлем" сферасының жанында еліміздің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт өтеді. Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді. Жұлдызды орындаушылардың арасында - Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Бұл кешке жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар да қатысады.
Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Дегенмен барлық санитарлық нормаларды сақтау керек.
massaget.kz