Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айшықты еңбек

Айшықты еңбек

Жақында аудандық Балықшылар музейінің ғылыми қызметкері Айбек Есмағамбеттің «Төскейі тұнған шежіре, құтты қоныс Аралым» атты кітабы қолыма тиді. Кітапты оқығанда туған Аралымыздың арғы-бергі тарихы көз алдыма елестеді.
Жалпы, қазақ жерінің қайсысын алсақ та тарихқа, шежіреге толы. Бұл жерде сонау ежелгі мыс, тас, бор, неолит дәуірлерінде адамдар мекендеп, тіршілік еткен. Соның бір дәлелі – Арал өңірінен ерте за­ манда өмір сүрген адамдардың 26 археологиялық орындарының та­ былуы. Оның үстіне 2001 жылы тартылған теңіз ұлтанынан Кердері-1, Кердері-2 қалашықтары табылып, ар­ хеологтар бұл өңірде бір кезде үлкен өркениеттің болғанын дәлелдеді. Өңірде теңіз, көл, дария болған­ дықтан әрине, балық кәсіпшілігі болатыны да өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан да Арал өңірі тарихының, шежіресінің тең жартысынан астамы осы мәселелерді қамтиды.
Біздің қолымызға тиіп отырған Айбек Есмағанбетовтің бұл кітабы осы тақырыптарға арналған. Кітапта негізінен сонау Арал Атлантидасы­ нан бастап бүгінгі дәуірге дейінгі аралықты, яғни Аралдың кешегісі мен бүгінгісін түгел қамтып, айшықты көркемделіп, қарапайым көркем тілмен жазылған. Кітаптан Арал теңізіне, оның тағдырына, балық кәсіпшілігіне байланысты бұрын еш жерде кездеспеген көптеген тың деректерді табуға болады. Тақырыптарына сәйкес бірнеше бөлімдерге бөлінген. Әрбір тақырып қажетті суреттермен, сандық және тағы да басқа мәліметтермен толықтырылып отырған. Бұның өзі автордың кітап жазу барысында көп ізденіп, еңбектенгенін байқатады. Осы тұрғыда еңбек әсіресе, өңірдің өлкетанушылары мен мектеп оқушы­ ларына,студенттерге аса қажетті оқу құралы болатыны сөзсіз.
Заманымыздың заңғар жазушы­ сы, жерлесіміз Әбдіжәміл Нұрпейісов Арал туралы: «Баяғы ұлы Татис мұхи­ тының бір бөлшегі болып бөлініп қалған Арал, сарғайған тарихтан қарап тұрған Сақ патшасы Томирис кеп атын суарған Арал, Ескендір Зұлқарнайдың табаны тиген Арал, ұлу қабыршақтарының көзімен қарап, бара қалсаң, кешегі су, бүгінгі құм денесімен тынысыңды тарылта жөне­ летін Арал» – деп жазғанындай, кітап Әбағаның осы сөзіне жауап берген­ дей, оқырман жүрегінен лайықты орын аларына сенемін.
Жақсыбай Төребеков,
мәдениет саласының ардагер
25 желтоқсан 2021 ж. 555 0