Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыкпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу

Жемқорлыкпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың зардабы саяси даму тұрғысынан бір-біріне мүлдем ұқсамайтын жер бетіндегі барлық елдердің қайсысын болмасын алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін төмендетіп ғана қоймай, оның  халықаралық дәрежесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді
Ел Президенті Қ.К.Тоқаев бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін айта келіп, бұл үшін қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін айта келіп, бұл үшін қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізу қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткізген кеңесінде айтқан бұл сөзі сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы басты бағытымызды айқындап бергендей. Яғни ел болып, көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойып, сыбайлас жемқорлық әкелетін кез келген әрекетке төзбеушілік қағидатын берік ұстануымыз керек.
         Дана халқымыз "Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас" деп тегін айтқан жоқ. Бұл сөзді бүгінгі күн тұрғысынан қарасақ, демография, яғни қоғамдағы бұқараның салмағы. Аталарымыз, көптің күші көлдей екенін ертеден-ақ білген. Еліміздің жемқорлықсыз жарқын болашағын қалыптастыру тек заң қызметкерлерінің ғана жауапкершілігі емес, барлығымыздың азаматтық міндетіміз екенін ұғынуымыз тиіс.
Б. МӘМБЕТОВ,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы
28 желтоқсан 2021 ж. 379 0