Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Барыс жылы сыйласын қуаныштың ақ таңын

Барыс жылы сыйласын қуаныштың ақ таңын

Әне-міне дегенше бір жылды артқа тастап, тағы бір жаңа жылдың табалдырығын үлкен үмітпен аттағалы тұрмыз. Бет­перделі жылдың берекесін де көрдік, ауыртпалығы да аз болмады. Індет, үрей, шарасыздық... Бұл жыл адамзат үшін үлкен сынақ болды. "Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа" деп, жаңа жылдан көп жақсылық күтеміз.
Қазақша жыл қайыру бойынша келер жылдың иесі – барыс. Жалпы, барыс жылының ерекшелігі қандай, ал келер жыл қандай болмақ?..


Барыс жылы – сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын келетін мүшел есебінің үшінші жылы. Орталық Азия халықтарының (қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, моңғол, т.б.) күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір қайталанып отырады. Барыс сақтардың ұғымында қасиетті аң болған. Қазақ жорамалдарында барыс жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы болып саналған. Ал ежелгі түркі тайпалары мүшел есебін біздің жыл санауымыздан мың жылдай бұрын қолдана бастаған. Григорий күнтізбесі бойынша барыс жылы 1998 жылдың 22 наурызы мен 1999 жылдың 21 наурыз аралығына келді және ол 2010-2011, 2022-2023, 2034- 2035, тағы басқа жылдары қайталанады. Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде барыс жылын жолбарыс жылы деп те атайды.
Қазақ халқында жыл қайыру, яғни жыл санау он екі жылдан тұрады. Он екі жылды ата-бабамыз бір мүшел деп білген. Бір мүшелдің жылдары он екі түрлі аң мен жануардың атымен аталған. Әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар. Бірінші – тышқан жылы, екінші – сиыр, үшінші – барыс, төртінші – қоян, бесінші – ұлу, алтыншы – жылан, жетінші – жылқы, сегізінші – қой, тоғызыншы – мешін, оныншы – тауық, он бірінші – ит, он екінші – доңыз жылы. Әр мүшел аяқталып, екіншісі басталғанда, он үшінші жыл тағы да тышқаннан саналып, есеп қайта ашылады.
Барыс жылы туғандардың табиғи белгісі – ағаш. Барыс жылғылар өте мықты, қажырлы, шынайы, жомарт болып келеді. Жаман қасиеті: тынымсыз, өз басын ойлап қалған өзімшілдеу. Бұл жылы қиындық пен қуанышқа, ауыртпалық пен жақсылыққа толы жыл. Дегенмен, бұрындары тарихта барыс жылына қатысты елеулі оқиғалар болмаған.
Жаңа жылды қалай қарсы алған жөн?
Қытай нумерологиясы бойынша 2022 жыл – су жолбарысы жылы. Бұл жылды қара-көк түсті киіммен қарсы алған дұрыс. Жыл символы тым ашық, жарқын түстерді ұнатпайды. Суық түстерге басымдық берген абзал.
Келер жылы адамдар үнемі қимыл-қозғалыста жүреді. Жиі көшіп-қонады. Тек алға қадам жасап, дамып, өсе береді. Сондай-ақ 2022 жыл депозит ашып, ақша жинауға қолайлы кезең. Бірақ көзсіз тәуекелге баруға болмайды. Асығыс шешім қабылдап, опық жеп қалуыңыз әбден мүмкін.
2022 жылда қатарынан үш 2 тұр, бұл сан идеяны, энергияны білдіреді. Адамдар ішкі түйсікке көп мән береді. Ал 6 саны сондай-ақ еңбекқорлық, тұрақтылық, ауызбіршілік белгісі. Егер адамның туған күнінде 6 саны бар болса, онда ол келер жылы үлкен байлыққа кенеледі.
Барыс жылы қандай адамдар дүниеге келеді?
Келер жыл барысқа тиесілі. Ал бұл аңның қандай жыртқыш екенін білмейтін адам жоқ шығар, сірә. Демек, барыс жылы ту­­­ылғандардың мінезінде, жалпы жүріс-тұрысы мен қимыл-қозға­лы­­­сында сол аңмен ұқсастықтар болмай қалмасы белгілі.
Ежелден жұлдыз-жорамалдың неше түрін жасап келе жат­­қан қытай халқы барыс­тарды бүкіл әлемді төрт жа­ғынан қорғап тұратын қорғаушы­ күш деп санайды. Ал Азия­­да ол құрмет пен қорқыныш се­зімін тудыратын аң. Яғни барыстан қатты қорқу­мен бірге он­ың аса күш­ті­лі­гін, тәкаппарлығын­ қатты құр­мет­­тейді. Тіпті барыс­қа құр­бан­дық шалып та тұрған. Өйт­ке­ні сол замандағы халық оны қаласа адам­ға айналып, бір мезетте қайтадан барыс кей­­піне ене алады деп сенген. Себебі сиқыршылар мен бақсы-тәуіптері барыстың тері­сін­­ жамылып алып, адамдар ара­сында қорқыныш сезімін ұялататын еді. Сондай-ақ еж­ел­­гі түркі батырлары мен ел билеушілері өздерінің өрлік мінез­де­рі мен ерлік іс­те­­рін паш ету үш­­ін барыс те­рі­­сін жамылып жүрген.
Жалпы, барыс біз ойлағандай тым қатыгез ем­­ес. Тек ол тумысынан үнемі өзіне қорек іздеп жүретін күш­ті әрі қауіпті жыртқыш аң. Барыс жылында туылған­ адам­дардың да мінезі осындай. Барыс-адаммен ашық әрі шындықты бетіне айтып сөйлесу керек. Ол өзін алдағандарды кешірмейді.
Олардан­ жан-жақты білімді зерттеуші әрі тә­жірибе жасаушы адамдар, шешендер мен мықты саясаткерлер, қаламы қарымды жазушы­лар көп шығады. Сондай­-ақ олардың мінезінде бастаған ісін жар­­ты жолда тастап, бас­қа нәрсемен айналысып кететін қасиет те бар. Ал өмі­рін­дегі қиын-қыстау кезеңдерде немесе қауіп-қа­­тер төнген кез­де бұл барыстар өз-өзін тез қолға алып, сабыр­лы қалпын­ сақтап қалады.
Нумерологтар қандай болжам жасады?
Барыс жылы еліміз үшін табысты, берекелі болады. Нумерологтардың болжамы осыған саяды.  Әсіресе логистика, туризмнің дамуына оңтайлы жыл. Ескі жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп. Нумеролог Құралай Бақытқызы барыс жылын жақсылыққа жорып отыр.
– Алдағы келе жатқан жыл қазақстандықтарға кіріс көп болуы тиіс. Денсаулық бойынша өткен жылы қауіп-қатер жылы болды, келе жатқан жыл шығындар болмауы тиіс және де өсім байқалады. Ковид басыла ма деген үміт бар. 2022 жыл – берекелі жыл болмақ. Елімізге инвестиция тартуға еш кедергі болмайды. Логистика мен туризмнің дамуына қолайлы мерзім. Импорт пен экспорт еселенеді. Яғни әлеуметтік-экономикалық әлеует артады. Сандарға сенсек, билікте еш өзгеріс байқалмайды.  Алайда су апаты болуы мүмкін. Өткен жылы өрт көп болды. Жер сілкінісі болды. Алдағы жылы көктем айында билік басындағылар құлақ асса деп ойлаймын. Алдын ала шаралар қолданғаны жақсы. Шығын жоқ. Мемлекет үшін болжам осындай. Жалпы жылдың саны – 6. Демек, бойдақтардың бас құрауына, халықтың мүлік иеленуіне және ақша жинауға қолайлы кезең. Айтпақшы, су барысы көк түсті жақсы көреді. Демек, жаңа жылды қою көк киіммен қарсы алсаңыз, молшылыққа кенелесіз. Бастысы, жақсылыққа сеніңіз,дейді маман.
Жаңа барыс жылы – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа бастамалардың уақыты. Жаңару кезеңі. Халықтың үміті, арман-тілегі іштей тағы бір жаңғыратын, бәрін тағы бір қорытып, ой сүзгісінен өткізетін мерзім. Күнтізбемен бірге өмір де аппақ парақтан басталатын сияқты. Әлем үшін ауыртпалығы мол жылды артқа тастап, үмітпен, сеніммен жаңа жылға қадам бастық. Жаңа жыл жақсылығымен келсін!

К. МАХСҰТ 
01 қаңтар 2022 ж. 1 786 0