Азық-түлік бағасы неге қымбат?

Иә, азық-түлік мәселесі басты орында тұрған сұрақтардың бірі екені барлығымызға белгілі. Еліміз де осы мәселелер бойынша бірқатар шаралар қабылдап, өзіндік іс-әрекеттерін жасап жатыр. Сондай-ақ 2009 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданған еді. Онда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен бірге осы салаға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу және өндірушілер арасында тең бәсекелестік ортаны құру секілді мәселелер айтылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында сөз сөйледі. Онда дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметіне сүйеніп, биыл 270 млн-нан астам адам азық-түлік тапшылығын сезінетінін айтып өтті. «Қазақстан – ірі бидай өндіруші және экспорттаушы ел. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Оның төртінші Бас ассамблеясы елордада өтті. Біз орнықты ауыл шаруашылығының жарқын болашағы үшін шетелдік инвесторларды өзімізге шақырамыз», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өткен жылы тауық жұмыртқасының бағасы 10,2%-ға өскен болатын. Әрине, оның себебі құстардың тумауы және жем-шөптің 150%-ға қымбаттауы. Сонымен қатар күнбағыс майы да 5,5%-ға шарықтады. Қанттың да бағасы 2,3%-ға өсуі кімді болмасын ойландырары сөзсіз. Еліміздің астық пен ұн экспорттауда алдыңғы елдер қатарында екені барлығымызға мәлім. Яғни астық экспорттаушы үздік 10 ел арасынан бой көрсетіп тұрмыз деген сөз. Сонымен қатар мемлекетіміз жыл сайын 8 миллион тонна астық тасымалдайды.
Азық-түлік мәселесі және оның құны қашанда көптің назарынан тыс қалған емес. Қазірдің өзінде елімізде азық-түліктің бағасы шарықтап тұрғаны барлығымызға белгілі.
Барыс жылы келді. Енді базар бағамы бағынатын шығар деген үміт бар. Біз айтпасақ, өзге айтады, біз жазбасақ, басқа жазады. Кешегі дүрлігудің астарында да осы бағаныңшарықтап жатқандығында жатыр.
Айсәуле НҰРЛАНОВА