Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміз жаңа кезеңге қадам басты

Еліміз жаңа кезеңге қадам басты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мәжіліс отырысында, еліміздің жаңа кезеңге қадам басу жолында үлкен жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Сондай ақ, жаңадан тағайындалған үкімет мүшелеріне жауапты жұмыстар беріп, кемшіліктерді жоюға біркісідей атсалысуға шақырды. Президент ел экономикасын көтеруге, халықтың әл-ауқатын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жоспарларды бекітуді тапсырды. Мемлекет басшысы тарапынан жүктелген тапсырмаларды орындау бағытында бар күш жігерімізді салатын боламыз.

Еліміздің келешегі кемел, болашағы жарқын болып, халықтың ынтымағы бұзылмағай.
Тәуелсіз еліміздің көк туы тұғырынан түспесін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Төребек ДӘРМАҒАМБЕТОВ,
аудандық мәслихаттың депутаты

13 қаңтар 2022 ж. 682 0