Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз!

Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз!

Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап елімізде   коронавирус инфекциясының тіркелу деңгейі күрт көтеріліп, эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Облыс көлемінде, оның ішінде ауданда коронавирус инфекциясынан ауырған науқастар саны күннен-күнге өсе түсуде. Қаңтар айының 17-не дейін аудан тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының зертханалық жолмен расталған 56 жағдайы тіркелді, оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастар-12, симптомсыз вирус тасымалдаушылық-44 адамнан анықталып отыр. Аурудың  5 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 1 жағдай жасөспірімдер арасында, қалған 50 жағдай ересектер арасында тіркелді. Жұқпаның  32,1 пайызында мұнай, газ, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері мен жұмысшылары ауырса, 17,8 пайызы жұмыссыздар, 17,8 пайызы зейнеткерлер үлесінде.
Қазіргі кезде ауру тарататын вирус өзінің  тез таралуымен ерекшеленеді. Инкубациялық кезең (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-3 күннің ішінде ауру адамнан сау адамға тез жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы, ашып ауруы, мұрынның бітуі, бас ауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары  өкпе мен бүйрек  жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.
Алдыналушаралары:
 Алыс және жақын шетелдерге жолсапарға шықпау
Аудан тұрғындары  мен қонақтары індеттің эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанша бетперде киюге міндетті. Оны 2-3 сағат сайын ауыстырып, қолды антибактериальды сұйықтықтармен жуып немесе тері антисептиктерімен тазалау керек;
Тұрғын  үй-жайларда тәулігіне 2 рет желдету. Ылғалды жинау кезінде  құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолдану;
Мүмкіндігінше адам көпжиналатын жерлерге бармау. Адамдар көп жиналатын жерге барған жағдайда және көшеден қайтқаннан кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;
 Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию. Қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдармен  қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр қашықтықта дистанцияны сақтау;
Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың  алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
Денешынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.
     Қазіргі эпид ахуалға байланысты Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қызылорда облысы бойынша шектеу,оның ішінде карантиндік шаралары туралы» 14.01.2022 жылы шыққан  №1 қаулысына сәйкес :
1.«Ашық» жобасына қатысуына қарамастан қоғамдық тамақтандыру орындарында (тойхана, мейрамхана және т.б.) ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық  іс-шараларды өткізуге  қатаң тыйым салынады.
2.«Ашық» жобасына қатысуына қарамастан  мешіттерде  бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізуге тыйым салынады.
3. Ашық ауада жиындар мен шерулер, адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге, үй-ішінде де іс-шаралар (үйлену тойлары, мерейтойлар, отбасылық еске алу  және т.б.) өткізуге тыйым салынады.
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
          Індеттің алдын алу үшін  жоғарыда аталған карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы                             






17 қаңтар 2022 ж. 398 0