Облыс әкімі жаңа бағыттарды талқылады
Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлермен кездесуінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында елімізде бөлек реформа жүргізілетінін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдама жобасынкәсіпкерлік қауымдастықпен жан-жақты талқылауды және Корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару кажет ететінін атап өткен болатын.
Мемлекет басшысының бастамасымен орын алып жатқан реформаны талқылау мен тұжырымдама жобасын жетілдіруге азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік субъектілердің пікірі маңызды екенін ескере отырып, облыс активінің, қала және аудан әкімдерінің,басқармалардың сондай-ақшағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері қатысуымен ауқымды кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы «Парасатты бизнесті қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында Тұжырымдама жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ерікті түрде енгізу бойынша шаралар блогы көзделген. Кәсіпкерлік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, инвестициялық тартымдылықты және халықтың әл-ауқатын арттыратындығын»- атап өтті.
Қызылорда облысы маслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Мағжан ЕралиевСыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы бойынша«Қазіргі уақытта отандық бизнесті қолдау және қорғауды қамтамасыз ету – елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты кәсіпкерлер үшін барынша қолайлы жағдайлар және кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер бойынша жедел жұмыс жасап жатқан үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өз алғысын білдірді».
Сондай-ақ Қызылорда облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы өз сөзінде«2021 жылы кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік органдарға 21 ұсыныс беріліп, оның 14-ы қолдау тапты. Палата сарапшылары түскен өтініштердің 40 пайызында (51) оң шешімге қол жеткізе алды. Нәтижесімен 1000 аса кәсіпкердің құқығы қорғалғандығын атап өтті.».
Кездесу барысында аймақ басшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы «Бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және оған қарсы саясатты одан әрі дамыту осы құжаттың аясында жүргізілетін болады. Тұжырымдама жобасын талқылау кезінде азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік субъектілерінің пікірі маңызды. Сондықтан да өз ұсыныстарыңызды тыңдау үшін жиналдық,» - деді.
Сонымен қатар шара соңында Гүлшара Наушақызыкәсіпкерлік субъектілермен қызметі байланысатын басқармаларғаСыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасына облыстық саяси экономикалық әралуандықты ескере отырыпоблыстық кәсіпкерлер палатасымен біріге тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті