Қызылордада ломбардқа ұрлыққа түскен тағы бір қылмыстық топ ұсталды
Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісізадамдар тобы қала орталығында орналасқанломбардтардың біріне ұрлыққа түскен.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел–іздестірушараларының нәтижесінде қылмысқакүдікті екі қала тұрғыны ұсталды. Айғақ затретінде ұрланған алтын бұйымдар, оның ішінде 125 дана алтын сақина, 22 дана алтын алқа, 7 дана алтынбілезік, 3 алтын сағат, 1 дана үлкейткіш әйнек және ноутбук тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық кодексінің 188 – бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеруамалдарыжүргізілуде. Оқиғаның басқа да мән-жайларыанықталуда.
kyzylorda-news.kz