Қызылордада 34,1 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды

Олардың 16,2 пайызы екі компонентін алды. Оның ішінде 34 102 жасөспірім, 1908 жүкті әйел, 3530 емізулі ана қамтылды.
«Бүгінге дейін аталған вакцинаны салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 20,4 пайызы екі компонетін де алып үлгерді. Ал жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен – 8,4, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында 8,3 пайызды шамалайды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
kyzylorda-news.kz