Облыста «PFIZER» вакцинасын егу жалғасуда
15 қарашадан бастап елімізде жасөспірімдер мен жүкті әйелдер және емізулі аналар арасында вакцинациялау жұмыстары басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметіне облыстағы екпе егу қалай жүріп жатқанын қалалық емхананың дəрігерлері №1 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сұлтангереева Гүлнар Әбдіжәмиқызы және №3 қалалық емхананың жасөспірімдер дəрігері Ибадуллаева Айым Мырзаханқызы толық ақпарат берді.
– Ең алғаш вакцинациялау жұмысын 15 қарашада медициналық колледж студенттері бастады. Вакцинациялау жұмысын жүргізу барысында әрбір жасөспірімнің ата-анасының жазбаша түрдегі рұқсатынан кейін жасөспірім дәрігердің бақылауынан өтіп, қарсы көрсеткіші болмаған жағдайда ғана вакцинациялауға рұқсат беріледі. Екпе алғаннан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында болып, әрі қарай 3 күндік аймақтық дәрігердің бақылауына жіберіледі. Бүгінгі таңда, «PFIZER» вакцинасын біздің емханаға қарасты 427 жасөспірім, 3 жүкті әйел, 20 босанғаннан кейінгі әйел алды. Барлығы 450 адамға салынды. Осы вакцина алған тұрғындардың ішінде бүгінге дейін ешқандай асқыну тіркелген жоқ, - деді Сұлтангереева Гүлнар Әбдіжәмиқызы.
- №3 қалалық емхана бойынша «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасының бүгінгі таңға дейін емхана қорына түскен саны – 1530 доза. Оның салынғаны – 798 доза, атап айтар болсақ егілгендердің арасындағы жалпы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 682.
12-17 жас аралығындағы екпе алған жасөспірімдердің, яғни 682 баланың 392-сі мектеп оқушылары болса, 290-нын колледждер мен ЖОО-ның студенттері құрайды. Ал жүкті әйелдер мен емізулі аналар арасында екпемен қамтылғаны – 116, оның 26-сы емізулі аналар болса, 90-н жүкті әйелдер құрайды. Қазіргі таңда емхана қорындағы вакцинаның қалдық саны – 732 доза, 122 флакон,- деп Ибадуллаева Айым Мырзаханқызы мәлімдеме берді.
Бүгінде емханаға қарасты 10 мектептің мұғалімдері мен ата-аналары арасында емхананың дәрігерлері мен эпидемиолог мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасуда.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі